Жоба жайлы

«Qazaq muzykasy» қайырымдылық қоры» Қоғамдық Қорының ЖАРҒЫСЫ

3. Қордың қызметінің мәні мен мақсаты
3.1. Қор әлеуметтік, мәдени, ғылыми, білім беру, қайырымдылық, басқару мақсаттарына қол жеткізу үшін құрылады; балалар мен жастардың құқықтарын, заңды мүдделерін қорғау; балалар мен жастардың музыка саласындағы рухани, шығармашылық және қажеттіліктерін қанағаттандыру, құқықтық көмек көрсету, сондай-ақ қоғамдық игіліктер мен оның құрылтайшылары мен серіктестерінің игілігін қамтамасыз етуге бағытталған өзге де мақсаттар үшін..
3.2. Қорды құрудың мақсаты мәдени мұраны сақтау және дамыту, мәдени ескерткіштерді қалпына келтіруге, музыкалық дарынды балалар мен жастардың шығармашылық дамуына қолдау көрсету және жәрдемдесу болып табылады.

3.3. Қордың қызметінің мәні – қызметті жүзеге асыру, тиісті жұмыстарды орындау және жарғылық мақсаттарға жетуге бағытталған қызметтерді ұсыну болып табылады.

3.4. Жарғылық мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізу үшін Қор мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: музыкалық дарынды балалар мен жастарды әлеуметтiк қолдауға, шығармашылық дамытуға және қорғауға бағытталған мемлекеттiк әлеуметтiк тапсырыстарды, халықаралық жобаларды, гранттар мен бағдарламаларды, оның iшiнде ортақ мүдделерге негiзделген қайырымдылықты әзiрлеуге және iске асыруға қатысу;музыкалық мектептердің дамуына ықпал ету;музыкалық байқаулар, шығармашылық кештер, қайырымдылық акциялары мен іс-шаралары, мәдени-ағарту шаралары, аукциондар өткізу;музыкаға дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік қолдауға және қорғауға бағытталған Қордың жобалары мен бағдарламаларын қаржыландыруға отандық инвесторлар мен меценаттар тарту;музыкаға дарынды балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау мен қорғауға бағытталған тиімді өңіраралық ынтымақтастықты орнатуға жәрдемдесу;қарым-қатынас мүмкіндіктерін кеңейту, балалар мен жастарды әлеуметтік қолдау мен қорғаудың өзекті мәселелері бойынша қоғамдық пікірді қалыптастыруға жәрдемдесу;жеке және заңды тұлғаларға қолданыстағы заңнама саласында, музыка және балалар мен жастардың авторлық құқықтарын қорғау саласында консультациялық және ақпараттық қызметтер көрсетуге жәрдемдесу;Қордың жарғылық мақсаттарына қол жеткізу үшін түрлі жобалар мен бағдарламаларды қарау және талқылау бойынша дәрістер, конкурстар, конференциялар, симпозиумдар, Ашық есік күндері, кездесулер, қайырымдылық кештері, сондай-ақ оқыту семинарларын, тренингтер, вебинарлар, бейнеконференцбайланыс ұйымдастыру және өткізу;композиторлар туралы кітаптар, журналдар шығару, елдегі және әлемдегі музыкалық өмірдің жаңалықтарын шығару, азаматтар мен ұйымдарды ақпараттандыру және балалар мен жастарды музыкалық дамыту бағдарламаларына тарту арқылы музыка саласындағы азаматтық қоғамды дамыту;өз тақырыбы бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдарды, оқу-әдістемелік құралдар мен ақпараттық бюллетеньдерді дайындауға, басып шығаруға және таратуға жәрдемдесу;Интернеттегі бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілер арқылы қазақ музыкасын, музыканттарын және олардың қызметін танымал ету және насихаттау;КЕҰ (ҮЕҰ) мен мемлекеттік құрылымдар арасында тұрақты серіктестік құруға ықпал ету (меморандумдар жасасу) қызметтерін жүзеге асырады;еріктілік қызметті дамыту;халықаралық конференциялар өткізу, тәжірибе алмасу және музыка саласындағы дарынды балалар мен жастарды әлемдік аренаға шығару;қолданбалы өнер шеберлерін Қор өткізетін іс-шараларға қатысу кезінде қолдау және қаржыландыру.