Жаңалықтар

Орта толсын!

Жұбанова Ажар Ахметқызы, Шерiн Жансерік Жанұзақұлы құрылтайшылар қатарына Исмагулов Аманжол Дюсенович, Айтбаева Светлана Ермековна қосылды

Ахмет Жұбановтың 116 жылдығын Ақтөбе қаласында атап өтті

29 сәуір 2022 ж. қазақ кәсіби музыкасының негізін қалаушы академик, ҚР халық артисі, әйгілі композитор, дирижер, академик, профессор Ахмет Қуанұлы Жұбановтың 116 жылдығына орай қалалық мәдениет үйі жанындағы дара тұлғаның және қызы Ғ.Жұбанованың ескерткішіне гүл шоғын қою салтанаты өткізілді. Салтанатты шараға даңқты тұлғаның қызы, Қазақ ұлттық академиясының академигі, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің биотехнология кафедрасының профессоры Ажар Ахметқызы Жұбанова, шәкірті ҚазССР Еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қайырғали Үсенғалиұлы Қожанбаев қатысты. Ахмет Жұбановтың 116 жылдығына орай кешке «Өнер орталығы» концерт залында А.Жұбанов атындағы қазақ ұлт аспаптары оркестрі мен филармония әншілерінің «Дара тұлға» концертіне жалғасты. Концертке «Аққу» би ансамблі (Көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі Омар Мәмбетов, бас балетмейстері ҚР еңбек сіңірген қайраткері Гүлнәр Мәмбетова) және «Саз» балалар студиясы қатысты